«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Болашақ мамандықтары
Қазақстан және Ұлы Жібек жолы
Жер байлығына аяулы көзқарас
Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы
Тыңдалым
Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық мүлдем жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып, 7 млн-нан астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды. Себебі интеллект пен роботты техника дамиды екен.Сарапшылардың айтуынша, болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады. Бұл ретте ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ерекше басымдық беріледі. Сонымен бірге, ортаға жылдам бейімделу және сабыр, жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, тұрақсыздықтың алдын ала білу, білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады. Ал ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі – жан-жақты сапалы білім.
Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар,330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды. Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ. Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе? Ал еліміздің еңбек нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды.
1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А)ЖОО, мамандық, болашақ
Б)Жұмысбастылық, еңбек, білім
С)Адамдар, білім, студент
D)Зерттеу, адамдар, күш
2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
A)Мамандық түрлері туралы
B)ЖОО туралы статистика
C)Студенттерді оқыту
D)Болашақ мамандықтар туралы
3. Берілген сөздердің мәтіннен естіген баламасын жазыңыз.
A)Зерттеушілердің
B)Жетілдіру...
C)Қажеттілік ...
Оқылым
А мәтіні
Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысыныңКазталовка ауданында дүниеге келген - қазақстандық әуесқой боксшы. Ол- 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынаншыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.
Ә мәтіні
Алаш елін әлемге паш еткен спортшы Бекзатты жұрт есінен шығарған емес. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат – әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанады.
Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.
1. Екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетіңіз.
A)Әуесқой боксшылар
B)Олимпиада жеңімпаздары
C)Сиднейдегі жеңіс
D)Әлем чемпиондары
E)Бокс жаттықтырушылары
2. Әр мәтінге тиісті ақпараттарды сәйкестендіріңіз.
Мәтіндер
Ақпараттар
Сәйкестендіру
А мәтіні
Оның жаттықтырушысы өзінің әкесі.
Бала кезінде жиі ауыратын болған.
Ол ағасымен бірге жаттығатын болған.
Одан мықты боксшы шығады деп күтпеген.
А мәтіні
Ә мәтіні
Ә мәтіні
3.Мәтіндер қандай сипатта жазылған?
A)Пайымдау және талқылау
B)Баяндау және сипаттау
C)Талқылау және сипаттау
D)Сипаттау және суреттеу
E)Әңгімелеу және баяндау
4. А мәтініне ғана тиісті ақпаратты көрсетіңіз
A)Әлем чемпионы
B)Олимпиада чемпионы
C)Түркістан қаласы
D)Сидней жеңісі
E)Серік Қонақбаев
Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында сөздердің орфографиялық, үндестік заңдарына сай жазылуына, сөйлем соңындағы тыныс белгілердің орынды қойылуына мән беріңіз.
A)Мен қандай мамандық иесі болғым келеді?
B)Біздің жерімізде қандай қазба байлықтары бар?
C)Олимпиада жеңімпаздарымен мақтанамыз!
ответ: ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.
ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде xx ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде xx ғасырдың 70–80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. зерттеушілер қазақ әдебиетіндегіндегі ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («ер төстік», «ұшқыр кілем», т. аңыздарын («қорқыт ата», «баба түкті шашты әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі рене гиль «сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі лукреций кардың «заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеумметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды , көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.
объяснение: