М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nikitaursu11
nikitaursu11
19.03.2023 04:27 •  Қазақ тiлi

БАСТАУ — Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал, — деді басқарма. — Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз қалқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым.

Жұрт дабырлап кетті. Басқарма мен есепші екеуі шүпірлеген бір арба бала әкелді дегенді мана, жұмыс басында естіген. Рас боп шықты.

— Сабыр, ағайын, сабыр, — деді басқарма қолын көтеріп.

— Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Және, қазір баурыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай, бәйбіше, — деді содан соң дауыстап.

— Тамағын ішіп болса балаларды алып шық.

— Қазір, ақсақал, — деген дауыс естілді киіз үй ішінен,

— Ал, былайырақ тұрындар, балаларға орын беріңдер, — деді басқарма.

Жұрт жапырыла шегініп, есік алдың қоралай тұрды. Орталарын ашқанмен, кимелесіп, мүмкіндігінше алға шығуға тырысады. Бірі қызық көрмек, бірі үміт жетегінде.

Ақыры басқарма әйелінің ақ шаршысы көрінді. Бірақ сыртқа шықпай, көтерме киіз есікті жамылған күйі бөгеле берді.

— Жүріңдер, айналайындар, бері жүріңдер.

Аппақ қаздың баурынан тұрған сары үрпек балапандай, сап-сары шашты сап-сары бала көрінді. Жұрттың дабыры пышақ кескендей тыйылды. Артынша бірінің соңынан бірі тізіліп, қара шашты, қоңыр шашты, жирен шашты балалар өріп шыға бастады. Күнге көздері шағылысты ма, әлде жадау киінген жат топтан именді ме, бәрі есік алдыңда ұйлығып қалды.

— Өй, қалқабастар, қорықпаңдар, бері жүріңдер, — деді басқарма. Қолынан бір-бірлеп жетектеп әкеп, киіз үйдің күнес жақ қабырғасына қатарлап тұрғызды.

Жаңа сілтідей тына қалған жұрт бадалардың ішінде қоңырқай өңді, қара көзділері барын аңдаған соң қайтадан күбір-күбір сөйлесіп, гуілдеп кеткен.

— Ал, Дәуренбек, — деді басқарма, екі қолын кеудесіне айқастырып, алдыңғы қатарда сіресіп тұрған қара ғалифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігітке қарап. — Дүкіметіңді оқы, балалардың мән–жайын айт.

Дәуренбек салдат етігімен сарт-сұрт басып, екі-үш қадам алға шықты да, бас бармағы мен жарты шынашағы ғана бар сол қолымен қармалап, төс қалтасынан төрт бүктелген бір жапырақ қағаз алды. Бес саусағы да бүтін оң қолымен қағаздың бүктемесін жазып, ернін жыбырлатып, ішінен оқып аз бөгелді. Содан соң молақ қолының кеміс шынашағымен балаларды санап шықты. Қағазына тағы бір қарады да балаларды орнын алмастырып, қайта тұрғызды. Тамағын кенеп екі-үш мәрте жөткірініп алып, қағазды мұқият бүктеді де қайтадан қалтасына салды.

— Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау, — деді содан соң. — Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар. Мен ретімен таныстырып шығайын. Тылдағы еңбекшілерге көмекке жіберілген жолдастар төмендегіше. Стройдың басында тұрған екеу — қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы — Нартай, анаусы — Ертай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы — татар баласы, аты Рәшит, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара — әйел бала, қалмақ, я дүңген, жасы алтыда. Қасындағысының аты — Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда жойыт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған; қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз, әрі мылқау. Ең соңындағы — жаңа алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман — неміс. Бұл баланың орны детдом
Пишем лецензию на этот повесть​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
elenabuda85
elenabuda85
19.03.2023

Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш. International University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.

4,4(72 оценок)
Ответ:
mlilit82
mlilit82
19.03.2023

Жаз жақындап қалды. Аз ғана уақыттан соң жазғы демалыс басталады. Жазда не істейтінім әзірге белгісіз. Егер мүмкіндік болса, жазда атамның аулына барамын. Жаздағы ауыл табиғаты өте тамаша ғой. Айнала тау, тау етегі көкмайса шөптер, алқызыл гүлдер, ия жаз мезгілі маған ерекше ұнайды.

Күз, мектепке барамыз, достарымызбен қауышамыз. Күзде егін орылып, астық жиналады. Мектепте "Алтын күз" мерекесі болады. Жыл сайын "Алтын күз" мерекесінде біздің сынып жақсы өнер көрсетеді. Күзде мереке көп: білім күні, ұстаздар мерекесі, Конституция күні.

Объяснение:

4,5(99 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ