Тапсырма 1. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз.
А мәтіні
Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай – 40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер.
Бүгіндебіз қолданатынотындардың көбі алғашқы динозаврларғадейінмиллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны «фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды қалыптастырады.
Ә мәтіні
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады.
Жер қойнауындағыотын қорыболыпкөмір, мұнай, газ жәнеуранрудаларысаналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. Тонна (шартты оның түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн.т.) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2млрд. тонна.
Сарқылатын отын энергетикалық ресурстардың зерттеуден өткен дүниежүзілік қоры төменгі кестеден келтіріген.
Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері, млрд. тонна: АҚШ- 430, Германияда-100, Австралияда-50, Англияда-29, Канада-50, ТМД елдері- 290, оның ішінде Қазақстанда- 51, (40% кокс алатын өте сапалы көмір). Орта есеппен жылына Қазақстанда 80 млн. Тоннаның үстінде көмір алынады, оның ішінде 40 % ашық әдіспен.
Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілі басқа мезгілдерден өзгеше болып келеді. Көктем мезгілінде табиғат толығымен оянады. Көктем келгенін біз өз отбасымызбен қуана қарсы аламыз. Көктемде құстар өлкемізге ұшып келеді. Біз оларға жем береміз, үйшікте жасап береміз. Жеміс ағаштары гүлдейді және жапырақтары бүршік атады. Айналаға шөп өсіп, жердің беті жасыл кілемге айналады. Айналаны алқызыл жауқазын гүлдерінің иісі бүркеп алады. Көктемде ең бірінші мереке 8-наурыз күні әйел-қыздар мерекесі деп аталады. Ол күні әжелеріміз, аналармыз, әпке-қарындастарымызды сонымен қатар апайларымызды да мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз мерекесі 22-наурызда аталып өтіледі. Ол күні әркім өзгеше қарсы алады. Наурыз көже және т.б. ұлттық тағамдар пісіріледі. Түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, ән айтылады, би биленеді. Көктем келе ауа-райы жылынады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Ауа-райы жылып және көктем соңында ысып та кетеді. Сонымен бірге жазға ұласады. Жаңбыр жауса, кемпірқосақта түрлі-түсті болып көрінеді. Біз оны қуана тамашалаймыз.