М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dok11111111111
Dok11111111111
15.11.2021 07:28 •  Қазақ тiлi

1) Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына неше жыл болды? А) 72 Ә) 76 Б) 75 В) 74

2) «Кеңес Одағының Батыры» атағына неше жауынгер ие болды?

А) 97 Ә) 98 Б) 99 В) 96

3) «Кеңес Одағы Батыры» атағын иеленбеген ақын

А) Әзілхан Нұршайықов Ә) Талғат Бигелдинов

Б) Мәншүк Мәметова В) Абай Құнанбаев

4) Бейсенбаев Бақтыораз кім?

А) Полковник Ә) пулеметші

Б) танк жүргізушісі В) әуе атқышы

5) 18 жасында «Кеңес Одағы Батыры» атағын иеленген ең жас қазақ жауынгері

А) Жәнібек Елеусізов Ә) Талғат Бигелдинов

Б) Бауыржан Момышұлы В) Мәншүк Мәметова

6) 1945 жылы Рейхстагқа ту тіккен кім?

А) Жәнібек Елеусізов Ә) Талғат Бигелдинов

Б) Бауыржан Момышұлы В) Рақымжан Қошқарбаев

7) Рақымжан Қошқарбаев қай жылы «Халық Қаһарманы» атағын алды?

А) 1995 Ә) 1997 Б) 1998 В) 1999 ж

8) Ұлы Отан соғысына қатысқан жазушы

А) Әзілхан Нұршайықов Ә) Талғат Бигелдинов

Б) Мәншүк Мәметова В) Әлия Молдағұлова

9) Ә. Нұршайықов жазған роман

А) «Ақиқат пен Аңыз» Ә) «Бай мен кедей»

Б) «Адам тағдыры» В) «Батыр бала»

10) «Ақиқат пен Аңыз» романының басты тақырыбы

А) қаһармандық туралы Ә) дін туралы

Б) махаббат туралы В) білім туралы

11) «Ақиқат пен Аңыз» романының бас кейіпкері

А) Жәнібек Елеусізов Ә) Талғат Бигелдинов

Б) Бауыржан Момышұлы В) Рақымжан Қошқарбаев

12) Көмекші есімдерді тап

А) үсті, асты, алды, арты Б) жиырма бес, отыз, тоғыз

Ә) қызыл, жасыл, көк В) келе жатыр, айтып отыр

13) Сан есімі кездесетін сөйлемді белгіле

А) Ә. Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында дүниеге келген.

Ә) Мамыр айында оқу жылын аяқтаймыз.

Б) Жаз мезгілін ұнатамын.

В) Сабақта мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдаймын.

14) Сөздердің ішінен қазақ әліпбиіне тән әрпі бар сөзді белгіле

А) қыркүйек Б) балапан

Ә) мейрам В) математика

15) Түсіп қалған сөзді тап. Анам – мейірімді.

А) Оның Б) Сіздің

Ә) Менің В) Сенің

16) «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы» мақал-мәтел не туралы айтылған?

А) Қаһармандық туралы Б) Махаббат туралы

Ә) Білім туралы В) Кәсіп туралы

17) Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

А) 7 Б) 9

Ә) 8 В) 10

18) Артық сөзді алып таста

А) батыр Б) ержүрек

Ә) қаһарман В) сыпайы

19) Омоним сөзді тап

А) жаз Б) жаңбыр

Ә) ұзын В) оқиды

20) «Батыр» сөзінің антонимі

А) қаһарман Б) қорқақ

Ә) ержүрек В) қорқақ емес​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
vikaivanyk
vikaivanyk
15.11.2021

Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы филос. шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың кептеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында «... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А. , 1967, 171-6.). Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзқарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жоқ. Ойшыл ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті мәселелері жөніндегі оның көзқарасының күрделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама-қайшылықтары белгілі дәрежеде қыңдық туғызды. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мурасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі бурж. идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабылов I. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928,2тамыз). Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, С. Садуақасов, С. Қожанов, I.Жансүгіровты. б. Абайдың ақындық мұрасын арнайы- социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына қарамастан, -деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, ЗО көкек).

Ақын шығармалары 19 ғ-да Қазақстанда демокр. қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың ауыз әдебиеті мен еткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыстың материалистік философиясы мен демокр. мәдениеті, сол арқылы дүн.жүз. (ең алдымен Батыс Еуропаның) филос. ойдың жетістіктері. Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті. Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және филос. озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған рев. демократтар идеясы ықпап етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының еткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстіңде: «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста қарастыратынының» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. -А., 1961,148-149-6.) методологиялық маңызы аса зор.

Өз заманының ғұламасы болған Абай кептеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыповтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс рев.-демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шытыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Еуропа философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды:«... езінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай школалардың оқуынан етіп алып, сөйтіп, буларды езінің творчестволық өңдеуінен еткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. - А. , 1969, т.15 , 141-6.). Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқанда И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүниетанымына сол кезеңде Семейде тұрған, орыстың саяси жер аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов т. б. демокр. идеяда тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абай Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуына байланысты патриархалдық-феод. қатынастар ыдырап, капит. қатынастар дами бастаған,

4,5(59 оценок)
Ответ:
Shatunova1976
Shatunova1976
15.11.2021

Табиғатқа саяхат.

Көптен күткен жылдың ең әсем жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Биылғы жылы қыс қатты болған соң, күн кеш жылынды. Табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түсті. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" бір - бірімен жарыса айналаға жар салуда. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер де шыға бастады. Айнала әсем күйге еніп, табиғат жандана түсті. Осындай көктемнің шырайлы күндерінің бірінде демалыста отбасымызбен табиғат аясына серуендеуге шықтық. Қала сыртындағы орманда таза ауамен тыныстап, құстардың сыңғырлаған әсем әндерін тыңдап, біраз серуендеп үйге қайттық.

4,6(17 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ