Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер біздің қазынамыз, байлығымыз.
Адамдар, жан – жануарлар, өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.
Қасиетті Жер – Ана - алып күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдыреттісі.
Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.
Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.
Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Яғни жер өмір сүрер ортамыз. Жер – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.
Адам өзінің туын - өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір – құрметін жүректен шыққан құдыретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді.
Дәйексөз
Баптағанға – жер жомарт
Халық даналығы
Түйін: Жерді күтіп, баптап, таза ұстау керек. Өйткені Жер – ана жомарт дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтары да жерден алынады. Түрлі жеміс – жидектерде, әсем гүлдерде, тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып күтіп баптағаннан көбейе түседі.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы!