Қазақстан мемлекетінің табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы;табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.
Қазіргі уақытта бізде көптеген жан-жануарлар, өсімдіктер жойылып бара жатыр. Соның ішінде киіктер мен маралдар.
Олардың жойылуына түрлі себептер бар:
Бірінші: Сирек кездесетін жануарларды өлтіретін браконерьлер көбеюде;
Екінші: Кейбір адамдар ақшаға мұқтаж болғандықтан, жануарларды өлтіріп ақша табуда;
Үшінші: Киіктердің, маралдардың терісін, мүйізін және тағы да басқа заттарды сатып алатын адамдар көбеюде.
Бұл мәселелерді шешу үшін мынадай ұсыныс айтқым келеді:
Алдымен:
Браконьерлерге жануарларды атуға қатаң тыйым салу керек;
Содан соң: сатып алушыларға айыппұл төлету керек;
Келесі: басқа да қорықтар ашу керек
Объяснение: