Менің сүйікті мультфильмм аниме Иназума -11.Аниме өте қызықты онда нағыз достық және үш айрылмас достар жайлы айтылған сонымен қатар футбол жайлы.Басты рөлдерде:Эндо Мамуру,Гоенджи Шуя және Кидо Юто.Менің сүйікті кейіпкерім -Гоенджи Шуя.Гоенджи өте ақылды,жан-жақты,сабырлы және әдемі.Бұл анименің бізге берер пайдасы бізге нағыз достық не екенін дәлелдеу болып табылады.Гоенджи футболды жанындай жақсы көреді,сонымен қатар ол футбол командасында бетке ұстар футболшылардың қатарында болған.Бірақ ол қарындасының апатқа ұшырауында өзін кінәлайды.Ал Энджо болса оны футболды қайта жалғастыру үшін барлығын жасап жүр. Гоенджи-футбол командасында өте керемет шабуылшы болып ойнаған.Анимеде қарапайым футбол командасы емес ол жаңа техникамен жабдықталған.Ол Гоенджидің Отты тарнадо деп аталады.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.
Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.
С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.