Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететiнiн ойламаған болар. Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан жерiн көрiп, неге игермейтiнiн сұрадым. Сонда олар: «Бiздер, Еуропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түрлерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiлмеуге тиiс жер, сол үшiн де ақы төлейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiздердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Демек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қалса, ысырап болады. Мiне, ғарыштың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.
Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосферасын зерттейдi. Жер шарына қаупi бар апаттардың алдын алады.
Объяснение:
Можно лучший ответ
Жаһандану - жаңа жалпы әлемдік саяси,экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.Қазақ еліндеде жаһандану үрдісі жүріп жатыр.Жаһандану бүкіл елдердің экономикасының, саясатының, мәдениетінің бірігуі арқылы жүзеге асады.Жаһанданудың қазақ елі үшін пайдасы мен зияны бар.Жаһандану - еліміздің экономикасының жақсы болуына,халқымыздың тыныштықта аман - есен өмір сүруіне,шетелдермен достық пен серіктестік қарым -қатынаста болуына әсерін тигізді. Еліміздің индустриялық және экономикалық даму жүйесіне пайдалы.Жаһандану бәсекелестікті өсіреді бұлда пайдалы болмақ.Халықтың өмір сүру деңгейі жоғарылап,жұмыспен қамту артады және заттың өзіндік құны азаяды.Бұлар - жаһанданудың пайдасы ал,зияны қоршаған орта нашарлауы мүмкін.Елімізде жастардың батыстану қалыпты жағдай болып барады,бұлда жаһанданудың зиянды көрінісі.Батыстың технологиясы ,ғылымы мен білімі біз үшін пайдалы.Батыстың мәдениеті мен өркениеті қазақ халқының ұлттың мәдениетіне жат дүние.Қазақтың мәдениеті өзге халықтардан ерекше,онда адамгершілік, имандылық тәрбиелілік алдыңғы орынға қойылған.Ұлттық теңсіздіктің белең алуы және ұлттық құндылықтардың жоғалуы,жаһанданудың зияны.Еліміздің зерттеушілерінің бірі Е.Іңкәрбаевтың пікірінше,жаһандану - өте күрделі,қарама - қайшы процес,оның аларыда,береріде мол.