М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
MrNeik1
MrNeik1
10.01.2022 00:41 •  Қазақ тiлi

Нагашы ата туралы ангиме жазу керек.

👇
Ответ:
KopolbEnufaHtuy
KopolbEnufaHtuy
10.01.2022

Нағашы атам туралы.

Менің нағашы атамның есімі – Тұрсын, жасы жетпіс екіде, дегенмен әлі жас көрінеді, өз күші өзінде. Атам көп жылдар бойы Ішкі Істер Басқармасында абыройлы қызмет атқарған, қазіргі таңда зейнеткер. Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Атам барлық немерелері мен жиендерін кішкене күнінен еңбекке баулып, өзінің бар білгенін бізге үйретуде. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады.

Мен өзім бірінші сыныпқа дейін нағашы әжемнің тәрбиесінде болғанмын.  Немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені нағашы атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен атамның «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал атам болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. Атамды ерекше қатты жақсы көремін! Болашақта сол кісінің жолын қуып, полиция қызметкері болуды армандаймын.

4,6(97 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Қазақстан – биіктігі мыңдаған метрге жететін шыңдары және мұздықтарынан, ұшы қиыры жоқ даласы мен адамды таңғалдыратын каньондарына дейін адам сенгісіз табиғи сұлулық ұсынатын ел. Осындай адамды сиқырлап алатын табиғаттың да өзіндік қатаң шарттары болады. Қыс маусымы күнделікті тұрмыста қиындық әкелсе де, Қазақстан даласы мен каньондары қақаған қыста да адамдарды тамсандыруын жалғастырады.

Қазақ елінің ұшы қиыры көрінбейтін жері көпшілік шетелдік ойлайтындай теп-тегіс далалық емес, керісінше өзгеріп отыратын түрлі әсемдіктерге толы. Қазақстанда Еуропадағы секілді Альп тауларын, Африкадағы секілді сусылдаған құм төбелерін, Америкадағы секілді каньон-шатқалдар немесе адам аяғы бастаған мидай дала кездестіру – қалыпты жағдай.

Жазғы мезгілде адамды өзіне қайран қылатын дала мен шатқалдар қысқы уақытта да сүйсіндіреді. Осындай адам тойғысыз көріністер елдің шетелдерге таныстырылуына да үлкен үлес қосады. Сонымен бірге туризм секторының дамуына да пайдасы мол.

ВОТ СКОЛЬКО СМОГЛА.НАВЕРНОЕ

4,6(82 оценок)
Ответ:
Сергейtrek9
Сергейtrek9
10.01.2022

Алакөл туралы шығарма.

Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі. «Алакөл» атауы ежелгі түрік және моңғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді.

Халық арасында Алакөлді «табиғат сыйлаған шипа» деп те атап жатады, себебі Алакөл суы емдік қасиетке бай көрінеді. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалады. Оны заманауи медициналық зерттеулер жүргізу барысында дәлелдеген. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып, адам денсаулығына жағымды әсерін тигізеді. Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады.

Сонымен қатар бұл ғажайып өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.

Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы меицинада дәлелденген. Бір замандарда Жібек жолының керуендері де көл жағасын басып өткендіктен, оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жіберетіндігі ерте кезден байқалған.

4,8(42 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ