Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
2- тапсырма
1. Бұрынырақ кезде ит қапқанда асын тастап, кісіге қарап жалтақтап шығып кететін еді.
2. Көксерек енді зор дауыспен "гүрр" етіп, қара ала төбетті алқымынан ала түсетін болды.
3. Көксерек төбеттің мойнын бұрғызбастан қапсыра тістеп, жұлқып-жұлқып жіберетін болды. Кейін қара аланы тамағынан қысып буындырып тұрып-тұрып қоя берді де, жотасы үдірейіп топтан шыға берді.
5-Тапсырма.
1. Бұрын кемеде қалып қойған адамдар, сонда бар 7 өнімнен көже жасаған екен-мыс. ( - мыс )
2. Қазақ халқы ғана Наурызды тойлайды ма десем, біраз халықтар атап өтеді екен. ( ғана )
3. Наурыздың 22-ші жұлдызында күн мен түн теңеледі ме? ( ме)
4. Биыл Наурыз мерекесінде көшетті көбірек егеміз- ау. ( -ау)
Объяснение: