М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
andriyzhovniryk
andriyzhovniryk
19.04.2023 23:19 •  Қазақ тiлi

Напишите как вы провели свой день рождения) на казахском) 5-7 предложений) заранее огромное ))

👇
Ответ:
СпудиМэн
СпудиМэн
19.04.2023
Менің туылған күнім кеше болды. Мен туылған күнімді үйде өткіздім. Өзімнің достарымды, құрбыларымды шақырдым. Туылған күн сағат кешкі 6 басталды. Достарым маған сыйлыктар әкелді және де олар көп шар әкелді. Біз оларды бірге аспанға жібердік. Сосын үйге кіріп, дастарқан басына отырдық. Анам кеше көп дәмді тағамдар әзірледі. Ең бастысы, әрине, торт. Біз торт жедік, биледік, ойындар ойнадық. Менің туылған күнім қызықты болды, достарыма да қатты ұнады.
4,4(49 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Itismylife
Itismylife
19.04.2023
1. Шартты бағыныңқы сабақтас-Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас- Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы өңірдің кез келген жерінен су шығады.3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас.-Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріптұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды,4. Себеп бағыныңқы сабақтас-Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан, Есенейдің қолына түспей кетті,5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас-Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз салды,6. Мақсат бағыныңқы сабақтас.-Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.
4,8(82 оценок)
Ответ:
svdanilova
svdanilova
19.04.2023

Берілген билетке жауап.

1 сұрақ.

Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.      

Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.

Батаның түрлері:

1. Нәрестеге бата

2. Асқа бата

3. Ұлға бата

4. Қызға бата

5. Келінге бата

6. Сапар бата

7. Жастарға бата

8. Сүндет той батасы

9. Наурыз батасы

10. Ораза айт батасы

11. Жарапазан батасы

12. Ас қайыру батасы т.б.

2 сұрақ.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

3 сұрақ.

Ит өлген жер – алыс;

Қырғиқабақ болу – ұрысу;

Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.

4,4(37 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ