М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Федёк5
Федёк5
03.01.2021 22:04 •  Қазақ тiлi

Напишите рассказ на казахском язке на тему "жаужүрек мың " фильм. ❤

👇
Ответ:
ivanbudaev1993
ivanbudaev1993
03.01.2021
ХVІ ғасырдан басталып, ХVІІ ғасырдың соңғы ширегіне дейін 250 жылға созылған жоңғар-қазақ соғысы. Бұл жан алып жан беріскен алапат заман еді. Осы қиын уақытта жоңғар әскерлерінің алды ұлан-ғайыр жерді кесіп өтіп, елдің батысына жетті. Алатау, Ұлытаудан асып Торғай, Арал маңына жақындады. Бұл ел де қарап жатпады. Сарбаз жинап, жауға тойтарыс беруге жұдырықтай жұмылды. Міне, осы кезде Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің әскерінде кіл балалар мен жасөспірімдерден құралған «Мың бала» жасағы болды. Жасақты Хиуа хандығының бас биі Байжанның ұлы он алты жасар Сартай басқарды.Сталиндік репрессияның құрбаны болған дүлдүл ақын Нұрмағанбет Қосжанов «Сартай батыр» туралы поэмасын жазып кеткен екен. Сондықтан да дәл осы сынды тарих беттерінде қалған батырларымызды,  экранизациялаумыз әсте керек жағдай. Себебі дамыған  өркениет заманында тәрбие алып келе жатқан жас ұрпақ тарихи, әдеби кітаптарды оқығаннан, оны дайын кино түрінде көруді жөн санайды. Сондықтан да, кино – халықты кешегі өткен тарихпен қауыштырмақшы бірден – бір аса пәрменді құралы болып отыр.Бұл фильмді қазақ елінің тарихын паш еткен тарихи төл туынды десек те болады. «Біткен іске сыншы көп» демекші, не керек фильм хақында сан алуан түрлі ой пікірлер айтылып жатты. Соның ішінде Ақан ағамыздың фильмдерінің бәрі бір-біріне ұқсас деген қисынсыз пікірлердің айтылғанын, отқа айдағанда б…қа қашқанның ісі деп білемін. Сондағы айтатын қисындары, «Жаужүрек мың балада» да, «Ағайындыда» да үш адам атпен шауып бара жатады дейді. Бұл кемшілік емес, бәлки артықшылық болар. Келешекте, заман өзгеріп, киномыз дамығанда, Ақан Сатаев деген режиссер кең далада атпен шапқан кейіпкерлерімен есте қалатын шығар. Кім білсін?! Еліміздің осындай қолтаңбасы қалыптасып келе жатқан кино режиссерлерімізді қолдап, қолпаштағанымыз жөн-ау, әсілінде.Қай көрермен болсын, басқа да кез-келген шетелдік тарихи фильмдерін көретін болса жадынан шығармай айтып жүретіні белгілі. Атақты режиссеріміздің жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай. Кейіпкерлері  айшықтала түскен. Сол заманың қал-ахуалын, барынша шынайы жеткізе білді. Кинотеатрдан шыққан көрермендер өзара әңгімелесіп, киноны талдап бара жатты.Ақан ағамыздың тағы бір ерекшелігі біздің санамыздағы Тұғышбай ағамызды хан ретінде емес, батыр етіп көрсеткені. Актерлердің жаңа қырларын көрсете отырып, фильмді қызықты етуі. Бекболат Тілеухановты Бұқар Жырау ретінде көрсетуі де сөзімізге тұздық.Шығарманың  тақырыбы да  ұтымды алынған, естігенде рухани күшке ие боласың. Режиссердің де ұтқыр шешімі, тапқырлғы тақырыпты шығармасымен аша түскені, еңбек жемісі болар. Киім үлгілері ондағы ою өрнектер ұлттық нақышымыздың элементтері болды. Қазақ киносындағы жаңалық.  Екі түрлі дерекке сүйене отыра таңғажайып шығарма жарық көрді.   Олай деуге себеп, тек қана бір бөлек етіп, мың бала аңызын өрбітіп жатса, екінші жағынан тарихи шындықтарды ұштастырды. Аңыз кейіпкерлерін сомдаған жас актерлерде, сахнамыздан орын алды.
4,7(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Nqva
Nqva
03.01.2021

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жырындағы кейіпкерлерге мінездеме:

Қозы — бастапқы кейіпкер . Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді.

Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.

Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі .Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер.

Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.

Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр: қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пиғылы, іс-әрекеті мұны толық дәлелдейді.

Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі .Қозы Көрпеш ержеткенде Баян сұлудың бірінші рет барып көргені Қозының ағасы Айбас.

4,6(29 оценок)
Ответ:
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.
Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар.
1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп.
Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұлда біздің үлкен мақтанышымыз.
2011 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 20 жыл ішінде Қазақстан
Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді.
Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар.
Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.
Мен Қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын:
Менің Отаным – Қазақстан,
Жасара бер әрқашан.
Президент ата Нұрсұлтан
Біздің елді басқарған.
4,7(78 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ