Төл – ауыл шаруашылық малдарының өсіп-даму процесіндегі жыныстық жағынан толық жетілмеген ұрпағы.
Әр түлік Төлінің өз атауы бар:түйе төлі – бота, жылқы төлі – құлын, сиыр төлі – бұзау, қой төлі – қозы, ешкі төлі –лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой орта есеппен 1 – 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 – 4 лақ туады. Сүтқоректі жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі – олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. Туылғаннан кейін алғашқы 2 – 3 аптада Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. Ірі қара (сиыр,жылқы, түйе)
Төлдері алғашқы 6 айда туылған кездегі салмағын орта есеппен 5 – 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі) Төлдері бұл деңгейге 4 – 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу-азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде Төлдерді күту-азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады (қ. Жылқы өсіру; Қой шаруашылығы; Мал шаруашылығы; Сиыр өсіру; Түйе шаруашылығы).
Түлік түрлері мен олардың өнімділік бағыттары Төлдерді күтіп-бағу әдістерін айқындауда шешуші фактор болып табылады. Мысалы, сүтті, сүтті-етті бағыттағы мүйізді ірі қара бұзаулары – енелерінен бөлек, ал етті бағыттағылар – енелерімен бірге бағылады. Қымыз, шұбат өндіруші шаруашылықтарда құлындар мен боталар алғашқы айларда енелерімен бірге бағылса, сүт сауу маусымында белгілі мерзімге енелерінен ажыратылып, желіге байланады. Төлдерге қора мен суатқа жақын жерлерден жақсы жайылым қалдырылып, олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауы қатаң қадағаланады. Төлдерді бөлек бағу оларды құнарлы азықтармен (майдаланған сұлы, арпа, ақуызды-витаминді, минералды қоспалар) қосымша қоректенуге қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың өміршеңдігі, ересек кездегі өнімділік-тұқымдық қасиеттері шығу тегі мен бағылу-азықтандырылу жағдайларына тікелей байланысты болады. Түлік түрі мен басты өнімділік ерекшеліктеріне орай Төлдер туылғаннан кейін 1,5 жылға дейін сұрыпталып, пайдалану бағыты (асыл тұқымдық, шаруашылықтық) айқындалады. Өсімге қалдыруға жарамсыз Төлдерді жайып, қоң жинаған соң немесе бордақылаудан кейін сояды.
Қыс келді.Айнала аппақ мамық қар жатыр.Қыстың ауа райы суық болады,кейде боран соғады.Қыста балалар болса мәз -мейрам ,өте көңілді . Олар қардан аққала жасайды,қармен атысады, коньки шаңғы тебеді, тобешектен шанамен сырғанайды.Қыс тамаша мезгіл. Пришла зима.Повсюду лежит белый ,пушистый снег.Зимой погода холодная,иногда бывают бураны.А вот у детей зимой настроение веселое , Они из снега лепят снеговика,играют в снежки,катаются на коньках ,на лыжах с горки катаются на санках. Зима хорошее время года.
--Сәлем ! --Сәлем! --Не істеп отырсың? --Мен кітап оқып отырмын. --Кітап не туралы ? --Кітап құстар туралы.Мен құстарды жақсы көремін.Сондықтан құстар туралы көп оқимын.. --Неге саған құстар ұнайды? -Құстар өте пайдалы Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Құстар табиғатқа сән береді.Олар адамның көңіл күйін көтереді.Мысалы қарлығаш адамның досы,Ол өзінің ұясын ауланың айналасына салады.Оңың өз әні бар ,әні құлаққа жағымды.Қарлығаш адамға саулық ,жақсылық және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренді. --Біздің елімізде қандай құстар бар? --Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар қарлығаш, көгершін, тоқылдақ қара торғай,торғай ,аққу,бұлбұл сауысқан тағы да басқалары. --Құстардың қандай түрлері бар? --Құстардың жабайы,қолға ұстайтын асыранды түрлері бар. --Саған қандай құстар ұнайды? --Маған аққу ,қарлығаш,тоқылдақ көгершін құстары ұнайды.Аққу әдемі ,киелі ,қаситті құс.Көгершін бейбітшілік құсы..Тоқылдақ -орман емшісі деп атайтын құс.Ол ағаштарды зиянды құрттардан тазартады. --Рахмет әңгімеңе досым .Құстар туралы енді көп білетін болдым.Сау бол. --Сау бол.