«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» ба жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.
Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ы. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.
Актёр немесе Актриса болу кісі айтқандай оңайда,қиында емес!.Қасиет әрбір адамның бойында болады:жаман н/е жақсы болады.Бірақ әрбір жұмыстың ауыр жағы болады,осы орайда есіме бір мақал түсіп кетті <<Бейнет бар жерде,зейнет бар!>> деген.Егер жұмысты жеңіл жағымен де ауыр жағыменде көтере білсек кейін сол жұмыстың нанында жейтін өзіміз.Ал тақырыпқа орала кетсек менің ойымша Актёр немесе Актриса болу үшін мынандай қасиеттер керек:образға кіре білу,танымалмын деп жұлдыз болып кетпеу,және тағы да басқа дегендей!