Тіл және тұлға Тіл сен неткен тәттісің. Сен арқылы мен анамның әлдиін естідім, сен маған анамның ақ жүрегін жарып шыққан айналайынын сыйладың, анамның мейіріміне бөледің. Сен мені достарыммен табыстырдың. Сен мені өмір деген ортамен таныстырдың. Сен арқылы мен өз ойымды өзгелерге жеткіздім. Достарымды сүйсіндірдім, дұшпандарымды күйіндірдім. Өмірге келген әрбір адам адал өмір сүріп, адамгершілікпен қоршаған ортасына пайдалы әрекет атқарса, ол өзінің өмірге не үшін келгеніне толық есеп бере алса. Ондай әрбір адам ерекше бір тұлға. Мейлі ол қарапайым жұмысшы болсын, мейлі ғалым болсын, мейлі бала, мейлі қарт болсын. Ол айналасына қамқор, адал, шыншыл, әділетті болса мен оны ерекше тұлға деп есептеймін. Оның тілімен де, ісімен де ешкімге зияны тимесе, тек пайдасы тисе.
Туған жерді еш нəрсеге айыр бастауға болмайды.Оның орны бөлек !Туған жеріңді,тіліңді,дініңді сатсаң,сен кім боласың ?Сен осыларсыз ешкімсің !Айтадығой "Отан-оттанда ыстық"деп.Туған жерің ол сенің отаның.Кіндік қан тамған жерің.Сен оны оңайлықпен ешкімге бере алмайсың.Бұрында ата-бабаларымыз бңз осы жерде тұрсын деп қалдырып кетті.Біздің болашағымыз жарқын болсын деді.Біз олардың арманын орындап,өз жерімңзді көркейтуіміз қажет.Мен өз еліме үлес қосқым келеді.Менің ойымша,өз отаныңа еш қай жер жетпес !
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі.
Тіл сен неткен тәттісің. Сен арқылы мен анамның әлдиін естідім, сен маған анамның ақ жүрегін жарып шыққан айналайынын сыйладың, анамның мейіріміне бөледің. Сен мені достарыммен табыстырдың. Сен мені өмір деген ортамен таныстырдың. Сен арқылы мен өз ойымды өзгелерге жеткіздім. Достарымды сүйсіндірдім, дұшпандарымды күйіндірдім. Өмірге келген әрбір адам адал өмір сүріп, адамгершілікпен қоршаған ортасына пайдалы әрекет атқарса, ол өзінің өмірге не үшін келгеніне толық есеп бере алса. Ондай әрбір адам ерекше бір тұлға. Мейлі ол қарапайым жұмысшы болсын, мейлі ғалым болсын, мейлі бала, мейлі қарт болсын. Ол айналасына қамқор, адал, шыншыл, әділетті болса мен оны ерекше тұлға деп есептеймін. Оның тілімен де, ісімен де ешкімге зияны тимесе, тек пайдасы тисе.