- Алақай!Демалысқа шықтық!
- Ия!Тоқсанның соңғы күні болса да сабақтар қызықты өтті емес пе?
- Ия,маған да ұнады.Енді қысқы демалыс басталды.Бүгін мұз айдынына барып қайтсақ қайтеді?
- Жарайды,мен қарсы емеспін.Бірақ мен коньки тебе алмаймын ғой.
- Ештеңе етпейді.Мен саған үйретемін.Тек жылы киініп шығуды ұмытпа!
- Әрине.Кездескенше!
Бірнеше сағат өткен соң.
- Тездетейік!Менің тезірек сырғанағым келіп тұр.
- Жарайды.
- Балалар көп екен.Не дегенмен,қысқы демалыс қой.
- Конькиді аяғыңа киіп болсаң,қолыңды маған бер.
- Ия.Күте тұр.
- Әуелі мына тіреуіштерден ұстап теуіп көр...Пәлі,сен тез үйреніп жатырсың!Жаман емес.Келесі де тіреуіштерсіз теуіп көресің жарай ма?
- Алақай!Жарайды,ал сен абайлап теп.Егер құлап қалсаң,мен көмекке келе алмаймын ғой.
- Әрине,уайымдама,досым!
Қобыз - халықта қасиетті болып есептелген. Жай халық бұл аспапты қолдарында ұстауға да қорқады. Өйткені, қобыз - бұл аспаптың иесі бақсы сияқты ерекше сиқырлы қасиетке ие және адам тағдырына әсер етеді деген наным бар. Аңыз-естеліктер бойынша қобыз және қобыздық музыка адам денесінен ауыр рухтарды, аурулар мен өлімді қуған. Қобыз - екі қылды шекті, ысқысы бар аспап. Ол Сібір, Орта Азия, Повольжья, Закавказья және басқа да халықтарда сақталған, ысқысы бар аспаптар тобына жатады. Әрбір халықтың мұндай ысқылы аспаптарының өз атауы бар, олардың құрылысы, қылды шектері, ойнау тәсілдері ұқсас. Ерте заманғы аспап екендігін аспап құрылымынан аңғаруға болады. Қобыз арша, қайың сияқты ағаштың тұтас бөлігінен жасалады. Аспап үш бөліктен тұрады: бас, кеуде, аяқ, негізгі бөлігі ашық кесе түрінде болады. Аспаптың төменгі бөлігі терімен тартылады. Оған тиек қойылады. Қобызға арналған шектер әлі күнге ат қылынан жасалады. Ысқы доға түрінде болады және жебені еске салады: екі жағы қайырылған бұтаққа ат қылы байланып, түйе жүнінен жасалған мықты жіппен бекітіледі. Орындаушы ысқыны алақанымен жабады. Шамандық аспап ерекше болған, оның басына үкінің қауырсыны, мүйіз тәріздес темір пластинкалар, құстардың бейнесі ілінгең олар музыка әуенімен тербелетін болған, шанақ түбіне айна орнатылады. Осының барлығы жәй сәндік безендірмелер емес, шамандық, бақсылық белгілемелер болған. Қобыз ерекше бай және әрқилы дауысты беретін аспап. Қобызбен осы аспапты өмірге әкелген Қорқыт туралы философиялық аңыз тығыз байланысты.
Салт-дәстүр атадан балаға мұра болып қала береді. Барлық ұлттада қалыптасқан, ұмтылмайтын дәстүрлер бар. Қазақ халқының сондай дәстүрлері: Құда түсу- екі жастың ата-анасының келісімі, бұнда жігіттің туыстары қыздың туыстарына барып құда түседі. Шілдехана, бесік той, сүндет той- бұл тойлар нәресте дүниеге келгенде-шілдехана, онан соң бесікке салғанда бесік той, ер баланы сүндетке отырғызу құрметіне жасалатын тойлар. Үлкенді сыйлау- ата-ананы құрметтеу- бұл ең бір ерекше дәстүр.