Біз Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясының Президентi ХХI ғасыр қарсаңындағы кең ауқымды халықаралық тұрғыда екi ел арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйi мен даму перспективаларын жан-жақты талқылай келiп,
Қазақстан мен Ресей халықтарының тығыз достық байланыстарының тарихи қалыптасқан дәстүрлерi мен игi құндылықтарына сүйене отырып,
Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршiлiк қатынастарды, көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайту екi мемлекет халықтарының түбiрлi мүдделерiне жауап беретiнiне, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiк iсiне қызмет ететiнiне кәміл сене отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды актiсiнiң және Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның басқа да құжаттарының халықаралық құқықтың жалпы таныған нормаларының, сондай-ақ адам құқығы саласындағы халықаралық өлшемдердiң мақсаттары мен принциптерiне адалдықтарын қуаттай отырып,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде кең ауқымды ынтымақтастыққа ниеттеніп және Қазақстан мен Ресей Федерациясының Достастыққа қатысуынан туындайтын мiндеттемелерiн сақтауға бекем бел буып, осы Декларацияны қабылдаймыз және салтанатты түрде мәлiмдеймiз:
1. Белгілі балалар ақыны, жазушы Қастек Баянбай 1936 жылы 15 қараша күні Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған соң шығармашылық еңбек жолының әр жылдарында Алакөл аудандық, Алматы облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, «Жазушы» ба редакция меңгерушісі, «Жалын» ба бас редактор қызметтерін атқарған. Қаламгердің балаларға арналған «Арғымақ» атты алғашқы жыр жинағы «Жазушы» ба жарық көрген.
2. Ол бірегей балалар ақындарының бірі.
3. Шығармалары: Арғымақ; Атай неге солақай; Адамға хат; Балаларға базарлық; Шапағатты шақ; Ильич пен аңшы; Ақ шағала; Қол шатыр көтерген он батыр; Әсем әлем; Құс сүті; Алау; Зайчик в очках; Богатыри под дождем; Жол; Тәтті сабақ; Той; Бір қоржын жаз; Жүз жыл жаз; Қырық күн шілде; Юрта; Кемпірқосақ; Асар және т.б.
4. Өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына, көмекші құралдарға еніп, кейбіріне әндер жазылған, ертегілері бойынша мультфильмдер түсірілген, орыс, украин, белорус, өзбек, болгар, молдован, түрікмен, әзірбайжан, литван және басқа тілдерге аударылған.
5. Жұмбақтары:
Шыңдары шырқау
Көшіп жүр бір тау.
(Түйе.)
Бөлменің көзі,
Көрмейді өзі.
(Терезе.)
Сақталады алты ай жаз,
Сандығымда сары аяз.
(Тоңазытқыш.)
6. Жаңылтпаштары:
Араның тісі қыши ма?
Баланың қолы қыши ма?
Ара тісі қышымаса,
Балаларды шағар ма.
Бала қолы қышымаса,
Ойыншығын шағар ма.
* * *
Кетпеннің басын басса,
Тиеді сабы басқа.
Ал егер сабын басса,
Тие ме басы басқа?
* * *