"Жолақты жыртқыш" жайлы.
Хайуанаттар әлемі қызықты әрі сан алуан.Оның біз білетін жаңалықтарымен қатар,мүлдем естіп көрмеген қырлары мен сырлары да көп.Мысалы,патша ұғымын лайықты аң – жолбарыс туралы көбіміз білеміз.Алайда, жолбарыс мысықтұқымдас болса да,суды жақсы көретінін,тіпті бірнеше шақырымдық өзендерді де жүзіп өтетінін бірі білсе,бірі біле бермейді.Оның табанының бір соққысы, аюды өлтіруі мүмкін. Сондай-ақ, бұл жануардың тістері, сүйекті сындыруға шамасы жетеді.Осыдан-ақ оның күшінің көптігін,алпауыт әрі қайсар аң екендігіне көзіміз жетеді.Солай бола тұра,жолбарыс адамды азық ретінде қарастырмайды, бірақ қауіп төнсе шабуылдауы мүмкін.Жолбарысты аулауға барлық елде тыйым салынған.Себебі,бұл қайсар аңның да бүгін санаулы түрлері қалған.
1.Орыс тілінде приставкалар бар.Ал қазақ тілінде сөздің алдынан қосымшалар жалғана ма?
2.Екі буыны да мағыналы сөз болатын атауларды табыңдар.
3.Екі сөзден бірігіп жасалған аң-құс атауларын тауып жазыңдар.
4.Түбір сөздегі буын, дыбыс ерекшеліктерін талғамай жалғанатын қосымшаларды атаңдар және оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.
5.."Ой" сөзінен туындайтын сөздерді жазыңдар. Мысалы:ойла,...
6. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған неологизм сөздерді тауып атаңдар.
7.Жұрнақ жалғану арқылы жаңа мәнге ие болған сөздерге бірнеше мысал тауып атаңдар.
8.Біл, кел, үй, бас сөздерінен түбірлес сөздер жасап, олардың мағыналық бірлігі мен айырмашылығын айтыңдар.
9.Туған табиғаттың тамашасы жайында білетін мәліметтеріңді кірістіріп, ертегі жазыңдар.
10.Мақалды толықтаңдар; Оқу ...(инемен құдық қазғандай)