М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
SharagaXD
SharagaXD
13.07.2022 05:54 •  Қазақ тiлi

І.жансүгіровтың күй поэмасы бойынша шығарма

👇
Ответ:
elenamatrus777
elenamatrus777
13.07.2022
Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды. 
Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін: 

Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы 
Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы 
Қазақта қобызшының қалғаны сол, 
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, - 

деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған шабыттың екпіні сезіледі. Осы "жарықшақ үні тозған қаңсыған", "еңкейіп екіндідей күні кеткен" шалыңыз кім десеңіз: 
Қобызшы ол "Ақ көбікті" аңыратқан 
Боздатып "бозінгенді" күңіренткен. 

Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған "Бозінген" күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз. 
Міне, осылайша Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің әйгілі "Күйші" поэмасын жазды. Поэма оқырманды салған жерден
4,6(98 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
princessa2016
princessa2016
13.07.2022

1.Сұраулық шылауды көрсетіңіз:

Д) Ма,ме (Ол кітабын берді ме?)й

2. Сөйлемде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.

Кітапта Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көшерұлы Күдерінің айтыстарына орын берілген.

Д) Жалғаулық. ( Жалғаулық шылау – сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстырады ).

3. Септеулік шылауды анықтаңыз.

В) кейін. (Сабақтан /шығыс септігі/ кейін біздің үйге соқ)

4. Көмектес септігіне қатысты септеулік шылауды анықтаңыз.

А) Бірге. (Мен әкеммен бірге кешке шейін жұмыс істедім)

5. Берілген сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз: Мен кітаптан той туралы оқыдым.

Д) Туралы. (Септеулік шылау)

6. Қажетті септеулікті көрсетіңіз. Үш ай қыстан … көктем келеді.

В) Соң.

7. Көңіл-күй демеулікті анықтаңыз.

Д) –міс, -мыс.

8. «Бірақ» жалғаулығының түрін анықтаңыз.

С) Қарсылықты. (Оның ойлағаны болды,бірақ мәселе шешіле қоймады)

9. Берілген сөйлемді шылаумен толықтырыңыз.

Қыста … күзде күн суық болады.

В) Және.

10. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.

В) Септеулік шылаулар. (Түске дейін,мектептен кейін)

11. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.

Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- … белгілі.

С) –ақ .

12. Ыңғаластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

С) Марат (пен) Қанат келді.

13. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.

В) Мал мен бас. (Мен – жалғаулық шылау)

14. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

Д) Жиналыстан кейін.

15. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

Е) Қарыз бен парыз. (Бен – жалғаулық шылау)

16. Шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

Д) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.

17. Барыс септікпен келген шылаулы сөйлемді анықтаңыз.

В) Қазақша жүзге дейін санайды.

18. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.

Алтынсары қадалған … , оның кескіні құбыла бастады.

Д) Сайын.

19. Себеп –салдар салаластың шылауларын табыңыз.

А) Өйткені, сондықтан, сол себепті.

20. Шылауды табыңыз.

Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (-ақ – демеулік шылау)

21. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.

С) Сенейін(бе), сенбейін(бе).

22. «Дейін, шейін, таман» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.

В) Септеулік.

23. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.

А)Жүйрік-ақ екен.

24. Шылау сөздер қатарын табыңыз.

С) Үшін, және, ғана, түгіл.

25. Мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз.

А) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға.

4,8(55 оценок)
Ответ:
nastamelnik700
nastamelnik700
13.07.2022

Сәлем Рахым,қал-жағдайын қалай?Сен бекерге досына дөрекі сөйлеген екенсің.Қазақта жаңа зат алған балаға сүйінші беріп қуанышына ортақ болады.Ал сен досынның алған затын қызғанып дөрекі сөйледің.Оның көңіліне тидің.Бірақ бар кінә сенде ғана емес досыңдада бар екені көрініп тұр.

Бірақ деседе сен басында оның көңіліне тиіп оны кемсіттің.Міне екеуіннің ұрыстарың осыдан басталды.

Меніңше екеуін тез арада татуласуларын керек!

Сәлемнен(нүктенің орнына өзінің атын жазады)

Объяснение:

9999999999%дұрыс

Лайк басып,тіркеліп,5 жұлдыз қоя кет

Бұл "#Луший ответ"

4,4(83 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ