М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nybito1
nybito1
01.10.2020 12:45 •  Қазақ тiлi

Қорқыт күйлерінің тарихы туралы мəлімет беріндерші

👇
Ответ:
CheburekTadjik2005
CheburekTadjik2005
01.10.2020
Күйлердің шығу тарихы туралы аңыз - әңгімелер
Қорқыт “Башпай”
Аңыз бойынша, “Башпай” Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз – түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан Әзірейіл: “Қандай тілегің бар?” – деп сұрайды. Сонда Қорқыт: “Менің өмірде екі күнәм бар. Біріншісі - өлімнен қырық бір жыл бойы қашқаным. Кілем жайып Сырдың бетінде отырғанда бірде алай – түлей дауыл тұрған еді. Сол кезде қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм – сол. Сол себепті мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар”, деп қобызын қолына алып, ең соңғы Башпай күйін тартқан екен.

Қорқыт “Ұшардың ұлуы”
Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын “Ұшар” деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет – ғұрыпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол ұшты – күйлі жоқ боп шығады. “Ескі жұртта қалған болар!” – деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай – сүйекті сарқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны көрген ана:

Жалғызымнан айрылдым,
Қанатымнан қайрылдым,
Ұшар, Ұшар, кә, кә...-
деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінен айрылған тазы – қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға байланысты шығарған күйі “Ұшардың ұлуы” деп аталады.
4,7(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
arnalismailov
arnalismailov
01.10.2020

Өнер адамзат  өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады.  Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер  адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана  болып табылады.  Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство»  деген терминінен аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poiesisia»- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – « physis’y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері , үдерістері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б ) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастыра отырып, философия мен өнер арасындағы ұштастықтар мен айырмашылықтарды көрсетемін.

4,6(10 оценок)
Ответ:
plotnikdias
plotnikdias
01.10.2020

Объяснение:

Меніңше, ғылым бір ғана құндылық – білімді қалыптастырады, ғылым басқа ештеңені, басқа құндылықтарды қалыптастырмайды» [7, 41-б.]. Одан ары қарай Энгельгардт бір жағынан, ғылым мен оның тудыратын білімінің, екінші жағынан, термодинамиканың бастауы арасынан ұқсастық іздейді, оның пікірінше, екінші жағынан, өздігінен пайда болатын ағымдағы үдерістер энтропияның артуына әкеп соғады. ... Авторлардың көпшілігі ғылым мен құндылықтар мәселесін М.К.Мамардашвили тәрізді түп негізбен шешпейді. ... Яғни, ғылыми мәліметтердегі ғылым құндылығының өлшемі жоқ, яғни ол үнемі дамып, жетіліп отырады.

4,5(3 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ