М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kalma09
kalma09
30.12.2021 14:50 •  Қазақ тiлi

Напишите эссе на тему "Қазақстан жолы". 70-80 слов.

👇
Ответ:
Redycter12
Redycter12
30.12.2021

 Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – еліміздің өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы өз жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 – 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды».

Осыған ора, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді.

Мен Елбасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, білім беру саласына өз үлесімді қосып жүрген жас маманмын. Бұл бағдарламада елбасымыз Отанымыздың ұлы мұратқа жету жолындағы жастардың рөлі зор екенін айшықтап берді. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуына тамаша мүмкіндік. Ұлт Көшбасшысының дұрыс бағыт – бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ұлылығы деп түсінемін.

Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп Мен ауыл мектебінде жұмыс жасаймын және ауыл балаларының рухани дәрежесін көтеру, білімді етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек етудің зор жауапкершілік екенін сезінемін.«Жас мамандар» мектебінде болып, тәжірибелі ұстаздардан тәлім-тәрбие алып, мектепте өткен әртүрлі сайыстарға қатысып, өзімнің шеберлігімді шыңдадым. Атап айтсам, «Әр сабақ-бір жаңалық» тақырыбымен өткен онкүндікте 1-сыныпта өткізген әдіс алмасу сабағым әріптестер арасында зор ықыласықа ие болды.

Қорыта айтқанда: бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару үдерісін жатырқамай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуі керек.

Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қана қалыптастыра алады деп ойлаймын.

Елбасы аса көрегенділікпен, жастарды қолдады, сенім артты, жастар үшін «Қазақстан – 2050» стратегиясын жасады.

Біз жастар - қашанда ел көшін алға бастауда, Елбасымен біргеміз! Жастар болашаққа бастайтын ең басты күш екені – бізді алға ұмтылдырады. Биылғы жолдауда жастарға зор сенім артылды, сенімнен шығу жолында аянбай еңбек ететін боламыз. Мәңгілік елмен бірге – жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

Объяснение:

4,4(100 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Kotnakompe
Kotnakompe
30.12.2021

Қазіргі аумалы - төкпелі заманда құндылықтардың алатын орны ерекше.Құндылықтарсыз өмірде адамның іс - әрекетініңде,өмірініңде мәні болмас еді.Өмірде адам үшін құндылықтар өте көп.Солардың бірі - материалдық құндылықтар.Материалдық құндылықтарға - тамақ,баспана,киім,ақша ,дәрі - дәрмектер жатады.Материалдық құндылықтар адамға өзін қорғауға,қажетін қанағаттандыруға,жайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді.Материалдық құндылықтар заманның өзгеруімен адам талғамына сай өзгеріп отырғанымен ол адамның қажеттілігіне жұмсар құндылық болып қала береді.Жалпы адамзаттық құндылықтар - жеке адамзаттың бойында өмірге келген кезінен бастап бірге өсіп,дамып отырады.Жасы ұлғайған сайын заманына сәйкес бірге қалыптасады.Құндылықтар адам бойына сезім арқылы қабылданады,сана арқылы түсінуге болады.Баланың бойына жастайынан ізгілік пен мейрімділік, қайырымдылық,адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуде отбасы мен мектеп ұстаздары ерекше рол атқарады.Адами қасиеттер адамшылық,адалдық,адамгершілік құндылықтар заман өзгерседе өзгермейтін құндылықтар.Осы адами құндылықтарды өсіп келе жатқан жас ұрпақтың сезіміне сіңдіріп,ішкі жан дүниесін ояту арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыруға болады.Бұл қасиеттер адамды мейірімділікке,Отанын,елін,отбасын сүюге тәрбиелейді.Ұлттық құндылықтар,салт - дәстүрлер біз отаршылықта болғанымызда заманға сәйкес өзгеріп тіпті жоғала бастағаны өтірік емес.Кішкене ғана мысал: Қазақтар өз есімдерін орысша атап,Сабит Саматович,-деу әліде бар.Тәуелсіздігімізді алғалы ұлттық құндылықтарымызды қолдау күшейтілді.Сәбит Саматұлы,- деп аталу қандай ерекше әрі қазақша.Өзге ұлтқа еліктемей өз ұлттық құндылықтарымыздан ұялып,жоғалтып алмайық.Адами болмыс құндылықтары заман өзгергерседе өзгермейтін құндылықтар.

4,5(12 оценок)
Ответ:
mskamilee
mskamilee
30.12.2021

Менің мансаптық және кәсіби даму жолым

А үшін шынайы өмірдің мәні білімді игеруде жатыр . Адамның жаратылғандағы мақсаты — көріп - білу , үйренгенін басқаға үйрету . Сондықтан болашақ психологтар адамдарды өздерінің ішкі « мендік » құпия - сырларын ашып , танып біреулеріне барымызша жол көрсетіп қолдай білу керекпіз . Тамаша өмір сүру үшін , өмірдің жақсы , жағымды заңдылықтары барекенін саналарына сіндіре білуіміз шарт . Әрине , адамдармн біздің арамыздағы қарым қатынасымыздың сапасы « өмір » атты шыңға шығаратын жолдарға төсейтін матаны , қандай сападағы жіптен тоқимыз соған байланысты . Жақсы өмір сүрудің мен білетін бірінші заңдылығы « Алдымен өзіңе көмектес , содан кейін басқаға көмегіңді бересің , Бұл сөзге тереңірек бойласақ « Өзіңнің жүрегіндегі қараңғылық пен қайшылықтарды жеңе алмасаң , айналаны өзгертуге күш салмай - ақ қойғаның әбден дұрыс болады . Осы ережені шындыққа айналдырып тәрбие ісіне қолдансақ , деймін . өмір жолын талдап , өзіме қоғамның жеке адамдардың және өзімнің игілігім үшін қызмет ретінде миссиямды анықтадым . Бұл үдерісті әртүрлі перспективалардан көруге болады , бірақ қазіргі кезде мен кәсіби мансабымның өсуін қарастырудамын . Осыған сүйене отырып , мансабымның өсуінің мақсаты білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылардың , атап айтқанда балалар , мұғалімдер мен ата - аналардың білім беру ортасында жайлы болу үшін жағдай жасау болып табылады .

4,7(6 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ