Ключевые слова в стихе абая "жаз" жаздыгүн шілде болғанда, көгорай шалғын, бәйшешек ұзарып өсіп толғанда, күркіреп жатқан өзенге көшіп ауыл қонғанда. шұрқырап жатқан жылқының шалғыннан жоны қылтылдап, ат, айғырлар, биелер бүйірі шығып, ыңқылдап, суда тұрып шыбындап, құйрығымен шылпылдап, арасында құлын-тай айнала шауып бұлтылдап, жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап. қыз-келіншек үй тігер, бұрала басып былқылдап, ақ білегін сыбанып, әзілдесіп сыңқылдап. сабадан қымыз құйдырып, ортасына қойдырып жасы үлкендер бір бөлек әзілдесіп сылқылдап. көлеңке қылып басына, кілем төсеп астына, салтанатты байлардың самаурыны бұрқылдап. мылтық атқан, құс салған. жас бір бөлек су жағалап қутыңдап.
Эссе:
Алаш зиялылары біздің жүрегіміздің ең бір ерекше орнын алмаса, басқа адамдар алмас. Біздің еліміздің құлдырап бара жатып, жойылуынан сақтап қалып, өлімсіреген халықтын рухын көтерген адамдардың атын ұмыту - олардың игі істері мен халқын дағдарыстан шығару үшін өмірін қиғанына түкіру. Алаш ордасының зиялылары біздің гүлдеп, өскенімізді қалаған.
Алаш басшыларының әрбірін қарастырсақ, бұл жұмыс бір мың сөзден тұрмас, бұндай тақырыптар кітап не антологияны қажет етеді, алайда Ахмет Байтұрсынұлы, Әліхан Бөкейханұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы секілді тұлғалар автономияның болмысын демеген. Мысалға, Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері болған. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Бір ғана тұлғаның істерін талдасақ, кітап жазуға тура келер. Алаш зиялылары қазақ халқының білімі, тәуелсіздігі мен өміріне жандары ашыған. Осыдан кейін игі іс жайлы қалай сұрақ туар?
Біздің тәуелсіздік пен нанымыз үшін көптеген адамға алғысымызды білдіруіміз қажет, алайда халықты отаршылықтан сақтап қалған адамдарды біз ерекше білуіміз керек. Алаш ордасы қазақ тарихында мәңгі жақсы атпен танылады.