М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
goodman91
goodman91
07.04.2022 09:03 •  Қазақ тiлi

Мәтінді окықдар.Тірек сөздерді анықтаңдар ​


Мәтінді окықдар.Тірек сөздерді анықтаңдар ​

👇
Ответ:

ответ: Алатау- ключевое слово

4,5(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Mayburovmaks
Mayburovmaks
07.04.2022

Ыбырайдың адамгершілік жайында, оқу-ағарту тақырыбы төңірегіндегі шығармаларынан өзге табиғатты жырлаған «Жаз» және «Өзен» деген өлеңдері бар. Бұл шығармаларды Ыбырайдың ақындық қуатын танытатын өлеңдер деп атасақ қателеспегендік болар еді. «Жаз» өлеңінде ақын табиғат пен жан-жануар, адам өмірін өзара астастыра суреттейді. Ыбырайға дейінгі поэзияда дәл осындай бірыңғай табиғатты сипаттау болмаған десек, бұл туындының әдебиетімізден алар орны мен мәні айқындала түсетіні анық. Бұл салада Ыбырай тыңнан жол салып қана қоймай, көшпелі қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі мен жанды көріністерін қаз-қалпында танытады. Өлеңнің «Сәуірде» деп басталуына қарағанда, бұл шығарма алты ай жаздың алғашқы кезеңдеріне арналғандай. Сол кездегі елдің жайлауға көшіп шыққан мезетін, қыстан қысылып шыққан жұрттың қуанышқа кенелген көңіл күйін, табиғатпен қайта табысып, мал төлдеп, ақ көбейіп, тойынатын уақытын табиғаттың маужыраған мейірімді сәтімен, әсем суреттерімен ұштастыра суреттейді. Табиғаттың төрт мезгілі жөнінде дәл осындай суретпен жыр жазған Абай мен Ыбырайдың осы тақырыптық бірлігі мен жазу ұқсастықтарын саралаған Мұхтар Әуезов: «Екеуінің қазақ ауылындағы көктем жайында жазғандарын оқып отырсаңыз, шынында бір ақындық мектептің, бір түрлі ақындық дәстүрдің үлгісін көресіз және екеуі де бұрын қазақ жазбаған өлеңді жазған» деп ой тұжырған.

4,5(32 оценок)
Ответ:
nadiacolupaeva
nadiacolupaeva
07.04.2022

«Сіз үшін отбасының маңызы қандай?» диалог.

Мейрамбек: Әпке, осы «Отан отбасынан басталады» деп жатады үлкен кісілер, осы сөздердің мағынасы қандай?

Алтыншаш: Жаным, шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.

Мейрамбек: Сонда, біздің отбасымыз да Отанның бір бөлшегі сияқты ма?

Алтыншаш: Дұрыс айтасың, әрбір отбасы қоғамның бір мүшесі ретіндей. Отбасының адам өмірінде алар орны мен маңызы ерекше.

Мейрамбек: Ал отбасының қандай маңызы бар?

Алтыншаш: туған үйдің жылуы адам көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі.

Мейрамбек: Мен сіздің арқаңызда бұл терең ұғымның мағынасын енді ғана түсінген сияқтымын. Рахмет сізге!

Алтыншаш: Оқасы жоқ, алтыным!

4,5(8 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ