Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады. Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады. Болашақ энергиясы – бұл қазіргі заманның келелі мәселелеріне және болашақтағы шешімдерді болжауға қатысты міндеттерді шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін ауқымы кең тақырып болып отыр.
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.