Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында (Мұғалжарда), солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тянь-Шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды. Қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Мысалы, Жетісу өлкесінде қыстау Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. Қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. Мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – балталы руларының Маңғыстау түбегінен Мұғалжар тауларына, Қызылқұмнан Торғай даласына, Шу өзенінің төмен алабынан Ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. Ал Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. Бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. Жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. Қазақстан жеріндегі жайлаулардың адамға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. Солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады.[1]
Ұлы саяхатшы Томас Кук кедей ағылшын отбасында дүниеге келген. 1826 жылы ол 17 жасында Баптисттер шіркеуінің толық мүшесі болып қабылданады.
Томас кук нағыз жаңалықты ашқан саяхатшысы. Ол қазіргі таңда тек жеке фирмалар ғана емес, бүкіл мемлекеттерді байытып отырған ең пайдалы бизнес түрін ашты. Яғни туризмді ойлап тапты. Баптист бола жүріп ол арақ ішушілер мен темекі шеккендерге қарсы соғыс ашты. Осының арқасында Кук оларды алғашқы туристтер етті. Клиенттер саны өсе бастағанда Кук теміржол басшылығымен үнемі жолаушылармен қамтамасыз ететіндігі туралы келісім жасасты. Олардың ойлап тапқан «Миллиондарға арналған темір жол» деген плакаттары магазиндер мен қабырғаларда ілініп тұрды. Теміржолдар осы үшін Кукқа қаражаты аз адамдарға да саяхаттар жасауға мүмкіндік беретін жеңілдіктер жасады. Сондықтан клиенттер саны жүздеген емес, мыңдаған болды. Оның экскурсиялары мен саяхаттары « көп адамдар( клиенттер) арқылы Табысқа төменгі бағамен жетуге болады » -, деген қағидаға сүйенді.
аллстышщыёөеұкұшвчоокоаоаоаоыоаоеоыщща