М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
singarella123
singarella123
30.11.2020 09:00 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мына сөйлемдерден сын есімді тауып, мағынасына,
тұлғасына, құрамына қарай қай сын есім түріне
жататынын тап.
1.Үйдің ауласындағы заттар ұқыпты
жиналыпты.
2.Жақсы адаммен жолдас болсаң, жетерсің
мұратқа, жаман адаммен жолдас болсаң
қаларсың ұятқа.
3. Туған жер, сен неткен көріктісің.
4.Сөйлеушің судай есілген, тыңдаушың
бордай езілген.
5.Биік-биік тау шыңы көгілдір аспанмен
тілдесіп тұрғандай.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
exhedzo
exhedzo
30.11.2020

Қазақтың ұлттық қолөнері.

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын  стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын.  Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға  әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.

4,5(68 оценок)
Ответ:
Милан228
Милан228
30.11.2020

сын есім  деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық  сөз табын  айтамыз.

морфологиялық сипаттары

сын есімнің табиғи қызметі  зат есімге  анықтауыш мүше болу. ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар,  етістікті  де анықтап,  үстеу  сөздердің қызметтерін атқарады. мысалы:   семіз  сөйлеп,  арық  шыққанша,  арық  сөйлеп,  семіз  шық  (мақал).

синтаксистік қызметі

сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе  анықтауыш  мүше  болып қызмет атқарады. мысалы:   үш-ақ нәрсе - ң қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек  (абай).

сын есім  баяндауыш  та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. мысалы:   төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы  (ғабит махмұтұлы мүсірепов).

сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан  пысықтауыш  мүше болады. мысалы:   жақсы студент  жақсы  оқиды.

сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен  т.б.) тіркесе алады. мысалы:   өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.

егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. мысалы:   ермeк оқтай  түзу, ұзын, биік, кеңжолмен келеді  (ғабиден мұстафин).

семантикалық топтары

сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай,  сапалық  (негізгі) сын және  қатыстық(туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. бұл сындардың қай-қайсысы болса да  қандай?   қай?   (қалай? ) деген сұрауларға жауап береді.

сапалық сын есімдер

"сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр  т. сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар  т. көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл  т. дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі  т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]

қатыстық сын есімдер

қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. мысалы:     үй базар,    үй мазар  (мақал);   өткір  пышақ қол кесер  (мақал);   бұл -  жазғы жайлы  қоныс  (мұхтар омарханұлы әуезов).[2]

4,4(58 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ