Аспан Жаздың жайлы кеші. Бойды сергітетін
Қоңыр-салқын леп дымқыл тұнық ауада
біліне бастаған. Зәрi қайтқан қызыл күн
әлсізденіп, таудан асып, ұясына кіріп барады.
Жұқалаң, ұзыншақ көп бұлт қызыл сеңдей
болып, батар күнді ентелеп қамап тұр.
Қаракөк тұңғиық
күнбатысқа
тақаған жерінде қызыл торғындай
толқынданып, кейбір жерінде қызулы өрттің
жалынындай жайнайды. Күннің ақырғы
сәулесі түсіп тұрған тау бастары көлеңке
басқан қоңыр жердің алтын шатырындай
нұрланып, қызғылттанады.
© «EduCon» басылымдары
2. Мәтіннің қай стильде жазылғанын
табыңыз.
А) Көркем әдебиет
В) ғылыми
C) Ресми
D) Публицистикалық
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.