Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
жіктеу есімдіктер; сілтеу есімдіктер; сұрау есімдіктер; өздік есімдіктер; белгісіздік есімдіктер; болымсыздық есімдіктер; жалпылау есімдіктері;
Сөз таптары
Бастапқы формасы
Тұрақты белгілер
Тұрақсыз белгілерСинтаксистік рөліМысалы
Ертең оқушы3 мектепке барады
Оқушы3 – зат есім. Кім барады? Оқушы.Бастапқы формасы: оқушы.
Тұрақты белгілер: дара, туынды, жалпы, жанды, деректі;
Тұрақсыз белгілер: жекеше, атау септік.Кім барады? Оқушы (бастауыш).Барады – етістік. Оқушы (не істейді?) барады.Бастапқы формасы: бар.
Тұрақты белгілер: дара, туынды, болымды, салт;
Тұрақсыз белгілер: ауыспалы келер шақ.Оқушы (не істейді?) барады (баяндауыш).