Объяснение:
нағыз ер жігіттің 20 қасиеті мыналар болуы керек:
1. Нағыз жігіт әрқашан қыз баланы сыйлап, құрметтеуі тиіс. Егер олай болмаса, сіз жігіт емессіз.
2. Нағыз жігіт өзінен гөрі, өзгеге көмектесуді бірінші орынға қоя алуы міндетті.
3. Нағыз ер жігіт "Бөрі азығы – жолда" деген ұстаныммен өмір сүреді. Әрқашан іс-әрекет барысында болады.
4. Нағыз ер жігіт отбасында я жұмысында басты адам бола білуі керек. Бірақ "екінші адам" бола алу қасиеті де бойынан шықпауы тиіс. Әйтпесе, көшбасшылардың әлемінде ешкім де оларды тыңдамайтын болады.
5. Жігітке тәуелді болуыңыз мүмкін, ал балаға тәуелді болу қате.
6. "Сіз ер адамға қандай болуы керектігін үйрете алмайсыз, тек оған өзін өзі табуға жәрдемдесе аласыз" дейді Галилео Галилей. Ер адам әрқашан да менмен, әрқашан да қателіксіз жүрмейді. Ол өзгермейді, оның орнына дами түседі деп түсіну қажет. Қыздар, сіздерге айтарымыз, ер адам мүсін емес, өз қалауларыңызды көруге асықпаңыз, орнына оның кім бола алатынын қарайлаңыздар.
7. Ер адам өзін және жақын адамдарын қауіпсіздікте ұстау үшін күші мығым адам болуы міндетті емес. Күшті болса, тіптен жақсы. Ал негізінде ер адам қорғауға емес, бақытты қылуға бағыт алуы тиіс.
8. Ер адам өзі үшін өмір сүрмейді. Оның өмір сүруі өзіне қызмет етуден де жоғары. Қыз баладан ер адамның рөлі басым екендігі де сондықтан.
9. "Дүниедегі ең үлкен жетістіктерін шаршаған, тозған, бірақ жұмысын төзімділікпен атқарған еркектер жасаған". Егер ер адам қиын жағдайдан шаршап, мысы басылып, төзімі түгесілсе, ол қайтып келу үшін кетеді.
10. "Егер ер адам өзге біреуге сұқ саусағын қаратса, қалған төрт саусақтың өзіне қарап тұрғанын байқасын" дейді Луи Низер. Адам қателікпен өмір сүреді. Бірақ оны ұмытпауы тиіс.
Қиял адамға қанат бітіреді. Өмірде көп позитивті, жағымды, жақсы ойлар ойлауымыз керек дейміз. Ол - шындық. Адамның ойы да, мірлік танымы да те згереді, қалыптасып, пісіп жетіледі. Бірақ қиялы бәрібір сол күйінде қалмақ. Қиял - бұл біздің ең позитивті ойымыз. Тіпті, өмірдегі жоспарларымызға да пайдасын тигізер, сондай бір фантастикалық нәрсе бола да, белгілі бір шаруалар мен мәселелерді шешуге қолданатын құралымыз.
Өзге жандар сынды мен де көп қиялдаймын. Тіпті, бала кезден қиялдаймын десем болады. Әсіресе, жатар кезде, ұйықтар алдында. Жатып қиялдау сондай ләззат. Кейде жаяу жүріп те қиялдаймыз. Қалай десек те, қиялсыз адам жоқ.
Менің қиялым әртүрлі. Түрлі жағдайға байланысты. Бірақ солардың арасында ерекше біреуі бар: ол - өзгелерге көп жақсылық жасасам деген қиял. Адам бұл өмірге құр келіп, ішіп-жеп, табиғи нәпсісін өтеу үшін келмеуі тиіс. Оның мақсаты, болашағы болуы тиіс. Бірақ бар адамның бір мақсаты болуы керек сияниеқты: ол - өзгелерге көмектесу деген немесе осы өмірді сәл де болсын жақсы жаққа өзгерту.
Мен де қиын жағдайда қалған жандарға көмектессем, әлеуметтік және материалдық жағдайын жақсартсам деп ойлаймын. Және сол үшін еңбек етуге бармын да. Жақсылық жасау - осы өмірдің мәні сиянияқты.
Объяснение:
ответ из инета