М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
чирик15
чирик15
21.05.2022 11:54 •  Қазақ тiлi

Көктем мезгілі. Адамдар бітеліп қалған бұлақтың көзін тазалады. Мөлдір су сықылықтап күліп ақты. Оның тұнық суынан әрі бері жүрген адамдар мен жануарлар бір сімірмей өтпейтін болды. Лай суға бұл ұнамады. Ол Мөлдір суды лайламақ болып, өзінің арнасына бұрды. Мөлдір судың үстін бастыра ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан Мөлдір су өңін бұзбай сол қалпында аға берді. Лай су жаман ойының іске аспағанына ыза болды.

- Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек,- деп кеудесін қақты Лай су.

- Онда көлге бірге барайық , әділдікті сол айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды келісімге шақырды. Екеуі көлге келді.

Көл олардың сөзін тыңдады да :

- Кімнің адамдар мен тіршілікке пайдасы тиссе, сол ақсын,-деп жауап береді.

Содан бері Мөлдір судың ағысы тоқтамаған екен.

1-тапсырма. Оқылым мәтіні негізінде кестедегі сұрақтарға жауап бер

Мәтін не туралы?

Мәтінде қандай мәселе көтерілген?

Мәтіннің түрі?

Мәтіннің жанры?

Мәтіннің стилі?

2-тапсырма.Мәтіннен 3 есімдікті тауып кестеге жаз, оның мағыналық түрін, сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

есімдік Мағыналық түрі Сөйлемдегі қызметі​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Ckyka
Ckyka
21.05.2022

Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

4,7(94 оценок)
Ответ:
Саша039
Саша039
21.05.2022

Қоғамдық дамудың ерекшелігіне қарай тарихтың әр кезеңінде батырдың тұлғасы түрлі игі қасиеттермен сипатталып келген. Алғыр ерлер елдің ішкі-сыртқы жауларына қарсы тұрып, Отанының тыныштығын, тұтастығын, мүддесін сақтауға ерлігімен сүйеу болды. «Ері барда, елі қор болмас» деп, ежелден батырлық пен батылдықты дәріптеген бабаларымыз мақал-мәтелдерінде, эпостық жырлар мен аңыз-әпсаналарында бұл қасиеттердің маңызын дәріптеп өткен. Өжет мінез бен батылдықтың, қайсарлық пен табандылықтың арқасында ата-бабаларымыз еліміздің туын жықпай, ұлан-ғайыр өлкені келер ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

Батыр адамның бейнесі көне дәуірлерден бүгінге дейін әділеттілікті орнату, ар-намысты қорғау, халықтың бірлігі мен бостандығына қол жеткізу үшін күрескен ерліктерімен қалыптасқан. Ержүрек батырлар халық рухани қажығанда күш беретін жарқын бейне болған, бола береді. Себебі олардың жасаған ерліктері а ң күш-қуатына, асқақтығы мен адамгершілігіне деген сенімді ұялатып, ұлт санасында өшпес із қалдырады. Ал батырлардың ерлігін қастерлеп, оларды жас буынға насихаттау – қазіргі қоғамның рухани қайта жандануына серпіліс беруде аса маңызды.Қазіргі таңда шынайы батырдың бейнесін тек әдеби-тарихи кітаптар мен шығармалардағы қаһарман тұлғалардан ғана емес, өзіміздің арамызда адал қызмет етіп жүрген жандардың бойынан да көруге болады. Олар – бізбен қатар жүріп, бүкіл саналы ғұмырын қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға арнаған азаматтар. Бұл батырлар елін, жерін, халқын қорғау жолында өзін құрбан етіп, замандастары мен келешек ұрпақтың алдында асқан қайрат пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Олар бейкүнә тұрғындардың өміріне қастандық жасауды көздеген, рақымшылық пен аяушылықты білмейтін жауларымен бетпе-бет жолыққанда өжеттік танытты. Осындай ерліктер отанды қорғауға ант қабылдаған қаруластарын рухтандырып, күш-қайрат қосып, оларды ұлы мақсаттарға жігерлендіруде.

4,8(58 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ