Өзінің туған елін, жерін сүю – табиғи құбылыс. Әрбірадамның бойында осындай қасиет болғанда, елде мықты болады. Әсіресе, өркениетті елдердің барлығында ол елдердің азаматтары өз мемлекеттерін мақтан етеді. Осындай мақтаныш сезімнің аясында үлкен сенім жатыр. Қазақ елінің тәуелсіздігі нығайған сайын азаматтардың мемлекетке деген сенімі арта түсуде. Патриоттық сенім бар жерде мемфлекеттің тұтастығы артады. Қазіргі кезде әртүрлі діндердің, ұлттардың өкілдері мекен ететін Қазақстан - баршамыздың ортақ үйіміз. Осы ортақ үйіміздің шаңырағы биік , болашағы жарқын болуына бәріміз мүдделіміз. Егер еліміз осындай берік болса, онда біздің де жағдайымыз жақсы болмақ. Осыны түсінген адам, соған қызмет еткен азамат – өз елінің шынайы патриоты. Отаншылдық сезім – тек елімді сүйемін деуден ғана тұрмайды. Патриоттық сезім – ең алдымен еліңнің тарихын, дәстүрін, тілін жақсы білуден басталады. Еліңнің өткенін жақсы білсең, - бүгіннің қадірін ұғынасың. Сондықтан, әсіресе, жас ұрпақ елінің өткенін білгені жөн. Біздің патриоттық сезіміміз еліміздің жетістіктеріне сүйсінуден айрықша байқалады. Мәселен, Қазақстанның әлемдегі беделінің артуы, қазіргі кезде Астананың өркениетті дамуы, экономикадағы жетістіктер. Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізді әлемге танытудың үлкен бір жолы – өнер мен спорт саласында. Мысалы биыл Лонданда өткен олимпиада ойындары Қазақстаннын даңқын бүкіл әлемге паш етті. Осы олимпиада чемпиондарын біз үлгі тұтуымыз керек.
Әрбір адам ең алдымен өз елін мақтан ете білуге міндетті. Қазақ елінің тарихы терең болмаса осынша алып жерді иемденбес еді. Қазақстанның басты халқын құрайтын қазақ халқының ерлігі мен елдігі болмаса дербес мемлекеттікке де жетпес едік. Ал бүгінгі таңда ұлтына қарамастан әрбір азамат қазақ елін шын мақтаныш етіп, соған қызмет етсе, онда біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылады. Сондықтан еліміздің нағыз патриоты бола білейік.
Объяснение:
Нау эссені еш жерден алмадым, смело жаза бер. Біреумен бірдей боп калады деп корыкпа.
Әжесі бар адам-бақытты а немерелерін өз мейірімімен жылытып отырған аяулы жандар. Әженің немереге деген ыстық сезімі сөзсіз жүрегіңе нәр береді. Барлық ақылын, білгенін немересіне айтып, тәттілері болса өзі жемей немерелеріне әкеліп беретін әжеміз-ғой?!
Ия, расында да адам ержетіп өседі.Бір отбасының отағасы мен ардақты анасы атанады. Бірақ әжеміздің құшағында өзіміздің кім екенімізді ұмытып, еркелей кетеміз. Тап бір барлық қиыншылықтарымыз, мәселелеріміз ауада жоғалып кеткендей еркіндік сезімі сезіледі. Әжесінің бауырында өскен адамның бойында адамгершілік қасиеті жоғары болады. Себебі әжелер адалдыққа, сыйластыққа, білімге тәрбиелеп, тек жақсы жаққа жол көрсетеді.
Әжелердің қадірлі кісі екені бәріне мәлім десекте болады. Кез келген мәселені қараңғы жол деп алайық. Ал әже ай секілді. Адамға жол көрсетіп, нұсқау береді. Барлық қиындықтан жол тауып шығады. Әженің қасында отырғандағы сезім ерекше. Өз құпияларыңмен, сырларыңмен бөлісіп, берер кеңесін тыңдап отыру ғажап емес пе?
Әженің қадірін білу қажетпіз.